Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 50 бұйрығы
(2021.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 2 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы Ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде аталған бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың Жамбыл облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
4) Жамбыл облысы Әділет департаментінде осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны жөнінде мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Комитет Төрағасы | Н. Әбіқаев |
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 50 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы
ереже
1. Жалпы ережелер